Get Mystery Box with random crypto!

23 сәуірден бастап порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦ | egov Казахстан

23 сәуірден бастап порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID қызметі компьютер камерасын қосу қажеттілігінсіз қолжетімді болады.

Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға, егер компьютерде камера болмаса немесе камера жұмыс істемесе, QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алуға мүмкіндік береді.

Қызметті пайдалану үшін:
• авторизация бөліміне өтіңіз;
• «Digital ID» авторизациялау тәсілін таңдаңыз;
• «Digital ID көмегімен кіру» түймесін басыңыз;
• телефон нөмірін және растау кодын енгізіңіз;
• телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR кодына апарыңыз;
• бейне тексеруден өтіңіз.

Бейне тексеруден кейін, өз компьютеріңізде ЭЦҚ алуды жалғастыра аласыз.