Get Mystery Box with random crypto!

Бұған дейін вакцинаның бір бөлігі 21 күн өткен соң ғана егілет | Egemen Qazaqstan

Бұған дейін вакцинаның бір бөлігі 21 күн өткен соң ғана егілетін. Ал қазір мамандар бұл аралықты тағы 3 айға созбақшы.

Коронавирус індетіне қарсы жаңа штамм ел жұртшылығының ашуын туғызды. Себебі тұманды альбионда бүгінде вакцинаның екі түрі бар. Оның бірі – BioNTech болса, екіншісі AstraZeneca.
ВВС-дің мәліметінше, үкіметтің бұл шешімі – бірқатар дәрігер мен науқастың наразылығын тудырған. Оған қоса, аталған шешімді британияның медициналық қауымдыстығы да қолдамай, оны «негізсіз» деп санап отыр. Себебі науқастардың көбі вакцинаның екінші компонентін ектіруге жазылып қойған деседі.

Ел билігі вакцинаның бірінші компонентін мүмкіндігінше көп адамға егуді, өйткені ол коронавирустан негізгі қорғаныс құралы бола алатынын алға тартады. Ал екінші компонент негізінен вакцинаның ұзақтығына әсер етеді. Қазірдің өзінде елде вакцинаның алғашқы дозасын 1 млн-нан аса адам ектірген.

egemen.kz