Get Mystery Box with random crypto!

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді мемлекет мен | Egemen Qazaqstan

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді мемлекет меншігіндегі жоғары оқу орындарды жекешелендіруге болмайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді. Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады», деп жазды министр.

egemen.kz