Get Mystery Box with random crypto!

EDU. Қазақстандағы білім жайлы

Telegram арнасының логотипі eduorgkzkk — EDU. Қазақстандағы білім жайлы E
Telegram арнасының логотипі eduorgkzkk — EDU. Қазақстандағы білім жайлы
Арна мекенжайы: @eduorgkzkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 229
Арнадан сипаттама

Сайт: https://edu.org.kz/kk
Видеосабақтар:
📺Қазақ мектептеріне - https://t.me/eduorgkzkkg
📺Орыс мектептеріне - https://t.me/eduorgkzg
Орыс тіліндегі паблик - https://t.me/eduorgkz
Сұрақтар, ұсыныстар үшін: @almamusaeva

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-12-18 11:01:22 Сәлеметсіз бе!
Сізден осы сауалнаманы толтыруды өтінеміз.
Бұл сауалнаманың мақсаты – Ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсыру кезінде мұғалімдердің көзқарасын, сенімін және алаңдаушылығын анықтау. Сіздің қатысуыңыз ҰБТін жақсарту үшін маңызды. Жауаптарыңыз құпия болып қалады. Сауалнаманы 20 желтоқсанға дейін толтыруыңызды сураймын. Құрметпен, Дилраба Анаятова

Здравствуйте!
Вы приглашены принять участие в опросе. Целью этого опроса является определение представлений, убеждений и проблем учителей при прохождении Национального Квалификационного Теста (НКТ). Ваше участие важно для улучшение НКТ. Ваши ответы останутся конфидециальными.
Пожалуйста, заполните опросник до 20го декабря. С уважением, Дилраба Анаятова

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdfzdGDtqJ0SXu04XqZWbSHU81xQlz_Hg6AnsW8VMNLo_NSEQ/viewform?usp=sf_link
282 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2020-10-02 14:50:52
Ардақты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық пен бақыт тілейміз . Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Видео әлеуметтік желіден келді. Осындай жүрекке жақын роликті дайындаған ұстаздарды таныған болсаңыздар, жазып жіберіңіздер. Мектепті және авторларын белгілеп қоямыз.

https://t.me/eduorgkzkk
1.2K views11:50
Ашу / Түсініктеме
2020-09-23 12:47:41
«Ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларын қолдау» жобасы

Айгул Шакибаева, Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мудделерін қорғайтын Қайрат Иманалиев атындағы комиссиясының заңгері: «Достар! Біз шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерге де жеттік!

ҚЫЗЫЛОРДА
ТҮРКІСТАН,
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН,
АЛМАТЫ ОБЛЫСТАРЫ
бойынша жобамызды жүзеге асырып отырғанымыз туралы хабарлаймыз.

Біз ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларын қолдауға қатысты қызмет атқарудамыз.

4 облыстың әр ауданында қызмет етіп отырған Психологиялық-педагогиялық түзету кабинеттерінің мамандарын ерекше балалардың білім алуға және әлеуметтік қолдауға құқықтары бойынша оқытамыз.

Біз алыс аудандарда дүниеге келген әр ерекше сәбидің тағдырына қатысты алаңдаушылығымызды білдіреміз. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары жұмыс уақытында 8707 736 44 09 нөмірі бойынша заңгерлік көмек ала алады.

Репост жасауды сұраймыз!»

Ақпарат көзі: https://www.facebook.com/pravaosobennogorebenka/

https://t.me/eduorgkzkk
1.1K views09:47
Ашу / Түсініктеме
2020-09-20 14:28:47 ​​"АДАМ ҚҰҚЫҒЫ БІЗДІҢ КӨЗІМІЗБЕН" атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР байқауы

Құрметті мектеп оқушылары мен колледж және университет студенттері! Сіздерді "Адам құқықтары біздің көзімізбен" атты халықаралық бейне жұмыстар байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқауға жұмыстарды қабылдау аяқталған сәтте 10-22 жас аралығындағы еліміздің мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері қатыса алады.

15 қазан – жұмыстарды қабылдаудың соңғы мерзімі
25 қараша – Сараптамалық қазылар алқасының жұмысы және шешім шығару
10 желтоқсанға дейін – жеңімпаздарды марапаттау

Бейне жұмыстарына қойылатын негізгі талаптарды сілтеме бойынша өтіп, міндетті түрде оқып шығыңыз.

Ұзақтығы: бейнероликтер 30 секунд болуы керек, бірақ 40 секундтан аспауы керек. Сіз бейнені смартфонға түсіре аласыз, бірақ кадрдың көлденең орналасуы қажет.
Тақырып: бейнероликтер 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан адам құқықтарының бірін қамтуы керек.
Бейнероликтердің тілі: қазақ, орыс немесе ағылшын (түрлі елдердің халықаралық сарапшыларының тиімді бағалауы үшін, егер ролик орыс тілінде болмаса, субтитрлерді орыс тілінде қосуды сұраймыз).
Жас белгілері: бейнеде көрсетілім басталғанға дейін қара фонда жас белгілері болуы керек, мысалы "+6", "+12". Ақпараттық өнімдердің жас санаты мазмұнымен сілтеме бойынша танысуыңызды сұраймыз.
Дербес деректерді қорғау: барлық қатысушылар дербес деректерді өңдеуге келісім нысанын толтыруы тиіс.

Байқау өтінімдерді 15 қазанға дейін екі мекен-жайға жіберу керек:
1) сілтеме бойынша жүктеу;
2) streetlaw2019@mail.ru поштасына өтінім мен (сілтеме бойынша орналасқан) бейнені немесе бейнеге сілтеме жіберу.

I, II және III орындары үшін сыйлықтар келесі санаттардың әрқайсысына беріледі:
5-8 сынып оқушылары
9-11 сынып оқушылары
Колледж студенттері
Бакалавриат студенттері (1-4 курстар)

Халықаралық байқаудың ұйымдастырушылары:
П.Г. Ольденбург ханзадасы атындағы Санкт-Петербург құқық институты;
Санкт-Петербург мемлекеттік кино және теледидар институты;

Қазақстандағы серіктестер:
"Шайкенов оқушылар қауымдастығы" ҚБ Street Law Kazakhstan жобасы;
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
Нұрсұлтан Назарбаев қоры;
Еуразия технологиялық университеті;
“Қазақстандағы ТМД 2030” қоғамдық институты.

Барлық сұрақтарды 30pravcheloveka@gmail.com поштасына және streetlaw2019@mail.ru, kazhigulova@gmail.com пошталарына міндетті көшірмемен жіберу керек.

Толық ақпарат:
VK: https://vk.com/molodezhzaprava
Facebook: www.facebook.com/streetlawkz/
Instagram: @streetlawkz
871 viewsedited  11:28
Ашу / Түсініктеме
2020-09-20 14:25:06
Оқушылар, колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған байқау!

Толық ақпарат

https://t.me/eduorgkzkk
670 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2020-08-15 17:01:46 Бакалавриат бойынша грант нәтижелері
887 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2020-07-30 10:54:16 Мектептердегі экология сабағы тікелей эфирде талқыланып жатыр https://www.facebook.com/ecounionkz/live_videos/
1.2K views07:54
Ашу / Түсініктеме
2020-05-26 14:38:58
Барлығыңызды мектептегі оқу жылы аяқталуымен құттықтай отырып, сауалнамаға қатысуларыңызды сұраймыз. Қашықтықтан оқыту қалай өтті?
Anonymous Poll
18%
Өте жақсы. Бәріне қанағаттандым.
51%
Жақсы. Ұйымдастыру барысында біршама қиындықтар болды, бірақ жалпы оқыту сапасына қанағаттандым.
13%
Нашар. Оқу процессі дұрыс ұйымдастырылмаған. Оқыту сапасы төмен болды.
7%
Өте нашар. Егер қашықтан оқыту қыркүйекте жалғасатын болса, шетелдік онлайн мектептерге ауыстырамыз.
12%
Сауалнаманың нәтижесін көру.
207 voters1.9K views11:38
Ашу / Түсініктеме
2020-05-25 21:04:43
Қашықтан оқу кезіндегі соңғы қоңырау! Асқар таудай әкесі мен баласының тапқырлығына мың алғыс

Дереккөз

https://t.me/eduorgkzkk
1.1K viewsedited  18:04
Ашу / Түсініктеме