Get Mystery Box with random crypto!

​​ «Балалар құқықтары: іштен көзқарас» бейнероликтер байқауы | EDU. Қазақстандағы білім жайлы

​​ «Балалар құқықтары: іштен көзқарас» бейнероликтер байқауы
Байқауға 7-ден 18 жасқа дейінгі мектептер мен колледждердің оқушылары қатыса алады.

Байқаудың кезеңдері мен шарттары:
14 ақпаннан 1 сәуірге дейін – жұмыстарды қабылдау мерзімі.
1 сәуір мен 10 мамыр аралығында – қазылар алқасы мүшелерінің жұмыстарын бағалау.
1 маусым – жеңімпаздарды марапаттау.

Роликтер 40 секундтан аспауы керек (тиімді ұзақтық - 30 секунд). Бейнені көлденең немесе тік түсіруге болады. Бейнежұмыстарға қойылатын талаптарды сілтеме сөзіне басып, көре аласыз.

Бейнероликтер «Бала құқықтары: іштен көзқарас» тақырыбын және 1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенцияның немесе 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының баптарының бірін қамтуы керек.

Бейне тілі: қазақша немесе орысша.

Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Әр жас санатында бірінші, екінші және үшінші орындар болады:
1-4 сынып оқушылары
5-8 сынып оқушылары
9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері

Өтінімдерді 1 сәуірге дейін сілтеме сөзіне басып, жібере аласыз.

Сондай-ақ бейнежұмысты әлеуметтік желілеріне жүктеп, @youth_council.kz (Instagram) немесе @youthcouncilkz (Facebook) аккаунтын белгілеп, #БалаларҚұқықтарыІштенКөзқарас #ПраваДетейВзглядИзнутри хэштегтерін қосу керек.

Байқауды ұйымдастырушы: Қазақстан Жастар Кеңесі
Жарыс серіктесі: «Шайкенов студенттерінің қауымдастығы» ҮЕҰ-ның «Street Law Kazakhstan» жобасы

Сұрақтарыңыз болса youth.council.kz@gmail.com және pravadetey@gmail.com мекенжайларына жазып, немесе @youth_council.kz (Instagram), @youthcouncilkz (Facebook) парақшаларда сұрасаңыз болады.