Get Mystery Box with random crypto!

​​Химия пәнінің мұғалімі Қайрат Бурханбеков онлайн кезінде ден | EDU. Қазақстандағы білім жайлы

​​Химия пәнінің мұғалімі Қайрат Бурханбеков онлайн кезінде денсаулыққа маңызды кеңестерімен бөлісті.

“Онлайн оқитындарға, онлайн сабақ беретіндерге немесе компьютермен ұзақ жұмыс жасайтындар үшін, мына 3 нәрсе өте маңызды:
1. Ноутбукқа арналған “подставка”. Сіздің тік отырып, мойныңыздың бүгілмей түзу отыруына көмектеседі. Негізі, экран көзіңіздің деңгейінде болу керек. Осылай, грыжа немесе мойын остеохондрозынан сақтана аласыз. ОЛХ-тен сатып ала аласыз.

2. Орындыққа қоятын арқа тіреуіш. Омыртқаңызды тіреп, арқаңыздың тік болуына көмектеседі. Грыжадан сақтайды. ZETA-дан алдым.

3. Көзіңізді көк жарықтан және ультракүлгін толқыннан қорғайтын көзілдірік. Зрениядан емес. Қарапайым “нулевка” очки. Ұзақ ноутбуктың алдында отыра берсеңіз, көзіңіз кәдімгідей талатынын сезесіз. Как раз, соның емі осы көзілдірік. ОЛХ-тан алдым бұны да.
Өзіңізді осылай күтпесеңіз, кейін көбірек шығынға тап болуыңыз мүмкін. Денсаулығыңызды күтіңіз!”

Қайрат Бурханбеков Алматы қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ мектебінде сабақ береді.

Ақпарат көзі: фейсбук парақшасы

https://edu.org.kz/kk