Get Mystery Box with random crypto!

Күнделік жазудың 7 пайдасы 1. Естелік Күйбен тіршілікпен жүрі | Мұғалімдер бөлмесі

Күнделік жазудың 7 пайдасы

1. Естелік
Күйбен тіршілікпен жүріп өміріңіздің ең маңызды сәттерінің детальдарын ұмытасыз. Қанша тырысып көрсеңіз де, есіңізге түсіре алмай қиналасыз. Ал естеліктерді қағаз бетіне түсіру арқылы 1,5-2 жылдан соң көңіліңізді оңай көтересіз.
2. Анализдеу
Адам қағаз бетіне түскен дүниені ерікті немесе еріксіз міндетті түрде анализдейді. Ол уақыт өте келе өзін танып, түсіне бастайды. Істерін анализдеу арқылы осыған ұқсас қателіктерді жібермеуге тырысады. 
3. Шешімді іздеу
Ескі жазбаларды қарап отырған кезде жаңа идеялар мен шешімдер пайда болуы мүмкін. Мұнымен қатар күнделік идеяны жүзеге асыратын уақыт келмейінше оны сақтап қояды. Ең бастысы қағазға жазылған дүниені сіз еш уақытта ұмытпайсыз. Ойыңызға келген миллиондаған идеяның бірін жазып қою арқылы сіз болашаққа бір қадам жасайсыз
4. Эмоцияны шығару
Қағаздың адамнан айырмашылығы сіздің жақсы, жаман көңіл күйіңізді, жылағаныңызды немесе қуанғаныңызды көтереді. Оны ренжітіп аламын деп қорықпасаңыз да болады.

Жалғасы комментарийде