Get Mystery Box with random crypto!

Мінберлерден әдемі сөздер айтыла береді. Бірақ мектептерде м | EDU NEWS

Мінберлерден әдемі сөздер айтыла береді.

Бірақ мектептерде мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларына өзгенің емес, өз сабағын да дұрыс түсіндіре алмайды.

Бірдеңе десең, жүйе дейді, директор дейді, министр дейді, анау дейді, мынау дейді, әйтеуір, сылтау табады.

Тек ұқпайтыным, сонда әркім өзінің жұмысын дұрыс істеу үшін не істеу керек бұл елде?

Сонда мұғалімдер мектепке келеді де ішінен “Жүйе жаман, министрлік жаман, мектеп жаман, жол жаман, сондықтан мына балаларға сабағымды дұрыс оқытпаймын” деп шеше ме? Егер олай болса, мұғалім не өзінің де жаман екенін мойындасын, не жаман жұмысын тастап кетсін.

Түсінбей-ақ қойдым осыны.

(c) Тимур Бектұр