Get Mystery Box with random crypto!

Мұғалімдердің жалақысы өседі Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерл | EDU NEWS

Мұғалімдердің жалақысы өседі

Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспары талқыланды.

Енді мұғалімдердің айлығы 375 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге дейін өседі.

2023 жылға дейін еліміздегі азаматтық қызметшілердің еңбекақысын жыл сайын арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 651 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер бар.

Мұғалімдер еңбекақысы жыл сайын 25%-ке, 2023 жылға қарай екі есе өсіп, 375 мың теңгеге дейін жетеді.

Ал дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни 561 мың теңге болады.

https://t.me/edu_news_qz