Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының мұғалімі оқушы | EDU NEWS

Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының мұғалімі оқушыны ұрған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Пост авторы журналист Ақбаян Сапарбаева жағдайдың бірнеше рет қайталанып отырғанын жазған.

«Кез-келген зорлық-зомбылыққа қарсымын! Бұған дейін де мұғалім сызғыштың қырымен басынан әбден ұрғанын естігенмін! Қазіргі заман балаларын ұрып-соғып, тоқпақтап тәртіпке шақыра алмаймыз, құрметті ұстаздар! Біздің заман өтті! Үп-үлкен бала, алдында отырған сыныптас қыздарынан ұялып, күліп қояды. Оның да намысы бар ғой! Жалпы, баламен жеке сөйлесу, келісу, сабаққа қызықтырудың тәсілдерін ойластыратын уақыт жетті ғой!», - деп жазды Ақбаян Сапарбаева.

https://bit.ly/3EscOXo

https://t.me/edu_news_qz