Get Mystery Box with random crypto!

Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат П | EDU NEWS

Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат Пенжім ауылында кеше түнде не болғанын айтып берді.

- Әлеуметтік желі қолданушылары Пенжімдегі жағдайды қазақ-ұйғыр қақтығысы деген ақпарат таратып жатыр? Бұл рас па?
- Жоқ. Ондай жағдай емес. Кеше мектептің екі оқушысы сөзге келіп қалған. 9-шы және 10-сыныптың оқушылары. Біреуі қазақ, екіншісі ұйғыр бала. Қазақ оқушы соққыға жығылып, ауруханаға түскен. Соны мектеп оқушылары әлеуметтік желіге жүктеп, таратып жіберген. Сол видеоны көрген ауылдың жастары кешкісін көшеге шыққан. Сабаған тараптан кешірім сұрауды талап еткен.
- Әлеуметтік желіде өртенген нысанның видеосы тарап жүр. Бұл жағдайдың сол оқиғаға қатысы бар ма?
- Сол кезде бір отбасының үйінде өрт шыққан. Оның бұл жағдайға қатысы жоқ. Көбі шатастырып жатыр. Ал ол өрт басқа себеппен тұтанған. Ол өрт өшірілді. Кеше бәрі тарады. Бүгін қос тарапты тыңдап көру үшін арнайы жиын өтеді.
- Түнде жиналған жастар бейбіт түрде үйлеріне тарады ма?
- Иә. Прокуратура бар, ауылдың ақсақалдары, әкімдік қызметкерлері болып жастардың пікірін тыңдап таратты. Төбелес ештеңе болған жоқ.
R.S. Ауруханаға түскен баланың ағасына хабарласқанымызда ол кісі болған оқиға туралы ештеңе айтпайтынын мәлім етті.

ulysmedia.kz