Get Mystery Box with random crypto!

«Мен категория бойынша модератормын. Бір күнімнің 8 сағатын оқ | EDU NEWS

«Мен категория бойынша модератормын. Бір күнімнің 8 сағатын оқушыларға білім беруге арнаймын. Әр сабағымды қызықты етіп өткізуге тырысамын. Мысалы, UIB университетінде Нури Балта атты профессор сабақ берді. Ол өзінің мамандығын өте қатты жақсы көреді. Менің физиканы жақсы көруіме сол кісі себепкер болды десем болады. Ол күн сайын сабақ берудің жаңа әдісін іздеп тауып отыратын. Сол секілді, мен де екі жыл бұрын оқушыларға мені көргенде «Сәлеметсіз бе» деп амандаспай-ақ, физика формуласын айтып өтіңдер деп талап қойдым. Осыны әдістеме ретінде пайдаландық. Себебі мектепте күн сайын мың бала амандасып өтеді. Одан да соның орнына формула айтып өтсе, өзінің есінде жақсы сақталып қалады ғой. Мен, жалпы, әзілдеп, күліп жүргенді жақсы көремін. Әртүрлі мемдерді пайдаланып, сабақты қызықты етіп өткізуге тырысамын», – дейді ол.

https://bit.ly/3jthqET

https://t.me/edu_news_qz