Get Mystery Box with random crypto!

Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі т | EDU NEWS

Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тендер арқылы 139 миллион теңгеге тікұшақпен тасымалдау қызметін сатып алғалы жатыр.

Әкімдікке тікұшақ 2021 жылдың әр демалысы мен мереке күндері қажет. Экипаж қысқы және жазғы уақытта жұмыс істеуге, әкімдіктен сұраныс түскен сәтте облыстың кез келген нүктесіне шұғыл ұшуға әзір болу керек. Сондықтан тікұшақ Өскеменде тұруы тиіс. Бұл жайлы тендердің техникалық ерекшелігі құжатында айтылған.

– Тікұшақ фюзеляжының ішінде кемінде 22 адамды тасымалдауға мүмкіндік болу керек. Тапсырыс берушінің жазбаша немесе ауызша өтінімі берілген сәттен бастап бір сағат ішінде шұғыл ұшып шығу қажет. 2021 жыл ішінде талап етілетін қызмет көлемі – 189 сағат кем емес, – делінген түсіндірме қағазда.

Қызығы, әкімдікке міндетті түрде бірінші санатты тікұшақ керек. Бұған дейін Telegram-дағы @protenge парақшасы жыл басынан бері ШҚО әкімдігі 19 әуе сапарына 54,5 миллион жұмсағанын жазған.

https://t.me/edu_news_qz