Get Mystery Box with random crypto!

2025 жылға дейін білім беру гранттарының бірнеше түрі енгізіле | EDU NEWS

2025 жылға дейін білім беру гранттарының бірнеше түрі енгізіледі

Кадрлар даярлауға арналған гранттар тек сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінетін болады. Гранттардың бірнеше түрлері енгізіледі.

2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады.

Студенттерді жатақханалардағы орынмен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 20 мың орындық 75 жатақхана пайдалануға берілді. Ал 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын қолжетімді болады.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша 2 озық жоғары оқу орны құрылатын болады. Ол оқу орындарында инновациялар мен серпінді технологияларды дамыту, озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыруға басымдық беріледі.

Сондай-ақ еліміздің бәсекеге қабілетті 20 жоғары оқу орнының базасында «академиялық артықшылық» орталықтары құрылады.

@edu_news_qz