Get Mystery Box with random crypto!

3 пен 6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,8 пайызды құрайд | EDU NEWS

3 пен 6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,8 пайызды құрайды

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамту деңгейі әлі де 71%-ды ғана құрайды. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек бүгінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында.

2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100 пайызға жеткізу көзделген. Ол үшін жеке меншік балабақшалар желісін одан әрі дамыту, ваучерлік қаржыландыруды, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институтын енгізу тетіктері кеңінен қолданылатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі, бағдарламалар жаңарады.

@edu_news_qz