Get Mystery Box with random crypto!

#Халықаралық_әйелдер_күні Сафура Темурбаева – Алматы қаласы М | EDU NEWS

#Халықаралық_әйелдер_күні

Сафура Темурбаева – Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы №140 гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, педагог-шебер. Ол – көптеген әдістемелік құралдардың, оқулықтардың, көмекші құралдардың, 11-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының, «Диктанттар жинағының», 5-11-сыныпқа арналған «Мұқағалитану», «Халық ауыз әдебиеті», «Көркем мәнерлеп оқу» және т.б. авторлық бағдарламалардың авторы.

Өмірін білім беру саласына арнаған педагог «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері, республикалық «Үздік педагог» байқауының жүлдегері болып табылады.

Ұстаздық қызмет барысында өзінің 300-ге жуық, оқушыларының 400-ге тарта зерттеу және шығармашылық ізденіс жұмыстары мен мақалалары республикалық басылымдарда жарық көрді. 200 шәкірті аудан, қала, республика көлемінде түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды.

@edu_news_qz