Get Mystery Box with random crypto!

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң | EDU NEWS

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады.

Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі. Яғни мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды. Бұл жұмыс цифрлық технологиялардың көмегімен автоматтандырылады.

Сәйкесінше педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір ғана адам емес, көпшілік қабылдайтын болады. Педагогтердің кәсібилігіне және барлық талапқа сай болуына ден қойылады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі. Басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатады.

Жалпы басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді.
Әрине, бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітіледі.

Толығырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар.

@edu_news_qz