Get Mystery Box with random crypto!

Оқу орнын мұқият таңдау қажет – Қазақстан студенттер Альянсы | EDU NEWS

Оқу орнын мұқият таңдау қажет – Қазақстан студенттер Альянсы

Қазақстан студенттер Альянсының президенті Ілияс Түстікбаев болашақ студенттерді, мектеп түлектерін жоғары оқу орнын таңдауда бірнеше факторларға назар аударуға шақырды.

«Болашақта сапасыз білім берген ЖОО-да оқыған жастарымыз жұмысқа орналасып, белгілі бір салада жұмыс істеген кезде еліміздің экономикасы баяу дамиды немесе құлдырайды.

Болашақ студенттерге, абитуриенттерге, ата-аналарға осы сәтті пайдаланып айтарым: барлығымыз ағартушылық, ақпараттандыру жұмыстарымен көбірек айналысуымыз керек. Қай университетте қандай білім береді, оның рейтингі қандай, қандай жұмыс берушілермен келісім шарттар орнатылған, білім бағдарламасы қандай, соның барлығын жан-жақты зерттеуіміз қажет және мамандықты, оқу орнын дұрыс таңдауымыз қажет»
, - деді Ілияс Түстікбаев.

@edu_news_qz