Get Mystery Box with random crypto!

#Ғылымдағы_әйелдер_мен_қыздардың_халықаралық_күні Сиразитдино | EDU NEWS

#Ғылымдағы_әйелдер_мен_қыздардың_халықаралық_күні

Сиразитдинова Зарема Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінде 11 сыныпта оқиды. Ол – белсенді әрі жан-жақты оқушы. Тек жаратылыстану бағыты бойынша пәндерге ғана емес, тілдерді меңгеруге де қызығушылық танытады.

Зареманың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығы зор. 2020 жылы Республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар байқауында алтын медальді иеленді. Сол жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «Математика және жобалау» ХVІ Халықаралық жобалар байқауының жеңімпазы болып танылды.

«Елбасы медалі» жобасына қатысып, қола медаль жүлдегері атанды. Біз Заремаға оқуда озат болып, ғылыми зерттеулерінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуін тілейміз!

@edu_news_qz