Get Mystery Box with random crypto!

#Ғылымдағы_әйелдер_мен_қыздардың_халықаралық_күні Закарья Кү | EDU NEWS

#Ғылымдағы_әйелдер_мен_қыздардың_халықаралық_күні

Закарья Күнсұлу Дальтонқызы – биология ғылымдарының докторы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі.

Биотехнология, биоқауіпсіздік және микробиология саласындағы 200-ден астам ғылыми жобаны, оның ішінде 22 халықаралық жобаны қамтитын 10 ғылыми-техникалық бағдарламаға басшылық етті. Аталған ғылыми жобаларды үйлестіруді, мониторинг жүргізуді және олардың орындалуын бақылап, жүзеге асырды. Күнсұлу Дальтонқызы – биологиялық қауіпсіздік саласындағы үш ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі, Дүниежүзілік банктің Технологияларды коммерцияландыру бағдарламалары бойынша 2 байқаудың жеңімпазы. 200-ден астам ғылыми мақаланың, 25 өнертабыстың және 7 монографияның авторы болып табылады.

Күнсұлу Закарья ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін атқарады. Оның басшылығымен QazСovid-in коронавирустық инфекцияға қарсы отандық вакцина әзірленіп жатыр.

@edu_news_qz