Get Mystery Box with random crypto!

2007 жылдан бері спорт журналистикасында жүрмін. Талай Әлем че | Kommentator Maulen

2007 жылдан бері спорт журналистикасында жүрмін. Талай Әлем чемпионы мен талай Олимпиада чемпиондарымен фотоға түстім. Алайда, 2014 жылы "Маракана" стадионында Арсен Венгермен түскен фотома ештеңе жетпейді. "Арсеналдың" аты аңызға айналған бапкері 1-2 ауыз сөз айтып, жылы пікірлесіп, сондай қарапайым көрінді. Ұлық болсаң кішік бол деген осы. Фотоның ұнайтын тағы бір жері бар. Сапасы жақсы шыққан. 2014 жылы бізде қайбір жетіскен телефон болды дейсің?! Мынау "Қазақстан" Ұлттық арнасы беріп жіберген айпадқа түсірілген фото болатын.