Get Mystery Box with random crypto!

'Шахтер' - 'Ақсу' ойынының соңғы минутында мынандай шедевр гол | Kommentator Maulen

"Шахтер" - "Ақсу" ойынының соңғы минутында мынандай шедевр гол салынды. Мұндайды біз АПЛ мен Ла Лигадан көріп тұрамыз. Қазақстан чемпионатында салынған осы голды көріп таңырқадық. Бірақ!!!
Бірақ, матч төрешісі Александр Гаузер бұл голды есепке алмады. Әріптесі VAR төрешісі Тимур Кумашев екеуі ақылдаса отырып доп "Шахтер" ойыншысы Евгений Кобзарьдың қолына тиіп кетті деп салынған голды санамады. Матчтың соңғы минуты, есеп 4:2, бұл голдың ойын тағдырына әсері жоқ еді. Сәл ғана қолға тиді деп әдемі голды құрбандыққа шалды. Осындай шаш ал десе, бас алатын бас төрешілер ойынның қызығын өлтіреді. Жанкүйерлер әдемі гол, тамаша комбинациялар көргісі келеді. VAR бар екен деп тым қатты кетуге де болмайды ғой.