Get Mystery Box with random crypto!

Өз дініне шақырған досым 2. (жазбаның жалғасы) Бос орынға бар | LOOK RIGHT

Өз дініне шақырған досым 2.
(жазбаның жалғасы)

Бос орынға барып отырдым. Қасыма келіп, ноутбуктегі кириллица азбукасын көріп:
- О, сен орысша білесің бе?
- Иә.
- Мә! Мен де. Мен украиналықпын.
- Е-е
-е! Неге бірден айтпадың?,- деп күліп жатырмын.
- Сен қай жақтансың?
- Қазақстаннан.

- О, күшті. Қазақстанның көп әншілерін білемін,-деп, Jah Khalib-тен бастап тізіп шықты.
- Иә, бізде өнер саласы қазір басқа деңгейде. Барлық Қазақстан олармен мақтанады.
- Әрине, олар мақтануға тұрарлық.
Не оқып жатырсың?
- HTML/CSS. Бір проект жасау керек еді. Сен оқисың ба әлде жұмыс жасайсың ба?

- Сырттай оқимын, қазір Hitachi-де статистик болып жұмыс жасаймын,-деді.

Дәл осылай 2 сағат ұзақ таныстық болды. Әңгіме ортасында CliftonStrengths 34 туралы да сөз қозғадық.
Тапсырмаған екен:
- Қолың бос кезде ссылкасын жібере аласың ба?,-деді қызығып.

Кешке үйге келіп бұл тест туралы түсіндірдім.
- Рақмет саған! Мен де саған енді қарызбын ғой. Көмек керек кезде ұялмай сұра,-деді алғысын білдіріп.
- Рақмет! Иә, бір-бірімізден үйренетініміз көп шығар. Құдай бізді жәй ғана жолықтырмағанына сенемін
,-дедім діни көзқарасын білу ниетімен.
- Иә, мен де Құдайға сенемін. Бірақ протестанттық шіркеуге барамын. Егер сен православтық болсаң, мені қайдағы бір еретик деп ойлап қалма,-деді күліп.

*еретик — ресми шіркеу нанымдарына сәйкес келмейтін сенім ұстанушы.

- Мен мұсылманмын.
- Шын ба?! Қазақстанда Ислам ба? Білмеппін,- деді.
Бұл сөзді осымен екінші рет естіп тұрмын. Біріншісі Түрікменстандық такси жүргізушісінің «Қазақтар мұсылман ба? Инстаграмдағы образдарына қарасаң ұқсамайды» дегені бар еді.

Осы екі жағдай біраз ой салды. Көңілімді түсірді.

Кейде кейбір мәселелерді өз орнынан басқа жерге қоятынымызды байқамаймыз:

*жәй образ деп жалпы ұлттың атынан өкіл болатынымызды;
*заманауи болу деп өзімізді мұсылман келбетінен алыс көрсететінімізді;

(жалғасы бар)