Get Mystery Box with random crypto!

Қандай әйелге күйеуі қымбат сыйлықтар жасайды? Үй шаруасына т | ДОКТОР СЕЙТЖАППАРОВНА БАЛНҰР

Қандай әйелге күйеуі қымбат сыйлықтар жасайды?

Үй шаруасына тиянақты болу.
Еркектер үй шаруасындағы әйел мына міндеттерді атқаруы тиіс деп ойлайды: үйді таза әрі тиянақты ұстау;
дәмді тағам әзірлеу;
отбасында жылылық пен мейірімнің атмосферасын жасау, берекелі болу.

Әйелге тән нәзіктіктің болуы.
Кез келген ер адам өзінің жанында нәзік әрі сұлу әйелді көргісі келеді. Әйелге тән нәзіктік дегеніміз үй шаруасына икемі жоқ, тек сұлулығы мен өзін ғана ойлайтын, ерінің мойнында отыратын әйел емес Шатаспаңыздар. Биік мансапға жеткен әрі жауапкершілігі зор шешімді қабылдай алатын әйелдер де әйел затына сай қылықты әрі нәзік бола алады екен. Мысалы инженер-әйел, полицей немесе директор әйелдер))

Қуана білу.
Әйелдердің күліп жүруін – ерлердің жүрегін жаулап алатын таптырмас құрал деп қабылдау керек
Егер сіз сыйлықтар мен өзіңізге айтылған жылы сөзді, ерлер тарапынан болатын тосын сыйларды қуана қабылдай алсаңыз, онда сіз мұндай қошамет пен сыйлыққа лайықпын деген сенімде боласыз және бұл өте дұрыс.

Сүйіктісін тыңдай білу.
Ер адамдардың көпшілігі әйелдердің бойынан – оны тыңдай білу қасиетін көрсем дейді. Сонымен қатар, еркектер кейін өзін тыңдай білетін әйелдерге өміріндегі әрі жан-дүниесінде орын алып жатқан барлық оқиғаларды, сырларын ойланбастан айтып беретін болады. Яғги сіздербің араларыңыз да сыр да, құпия да болмайды.

Ең бастысы шынайы болыңыз. Әр жақтан естіген ақыл-кеңестің барлығын бірдей жасай бермеңіз. Өзіңізге ұнағанын, шынайы бейнеңізден алыстатпайтынды ғана өмірде қолданыңыз. Себебі, ер адамдар ненің рас, ненің жалған екенін айырп алады.

Сүйікті әйел болу да оңай емес, солай ма?