Get Mystery Box with random crypto!

Инстаға кірсек, емге ақша жинаған адамдар... Алланың сынағы ғо | ДОКТОР СЕЙТЖАППАРОВНА БАЛНҰР

Инстаға кірсек, емге ақша жинаған адамдар... Алланың сынағы ғой.
Сондай хабарламарды көргенде Аллаға шүкірді екі есе арттырамын.
Әрине, тағдырды ешкім таңдамайды. Бірақ жасай алады. Алла ол кісілерге сабырлық берсін.

Бұны неге айтып отырмын? Себебі, қазіргі жағдайға жетуім – Алланың арқасы. Сонша қыз-келіншектің жанына батқан ауруын жазу үшін, бедеу деп жүрген әйелдер ана бақытын сезінуі үшін Алла мені себепкер қылып таңдағанына Аллаға сансыз шүкірлер болсын!

Айшатайым, тұңғышым, туылғанда көп балалар сияқты оның да аяғында дисплазиясы бар еді. Ол кезде поликлиникада жұмыс жасаймын. Жұмыс сағат 8де басталады. Оған дейін Айшаны массажға апарып үлгеруім керек. Қазіргідей машина жоқ, таксиге ақша жетпейді. Күннің суығына қарамастан, алдымен массажға, одан соң жұмысқа асығатын едім. Сол уақытта бұл мәселелер жас анаға, жас маманға қиындай көрінетін еді. Ал қазір ойлап отырсам, көп нәрсенің қадіріне жетуді сол кезден-ақ үйренген екенмін.

Сынақтың үлкен-кішісі болмайды. Бастысы сенің сол сынақтан қалай өткенің. Алладан келген әрбір сынақты шүкір деп қабылдап үйренсек, Алланың берер жеңілдігі де таусылмайды.