Get Mystery Box with random crypto!

Опрос нәтижесінде 95% оқырманым мені гинеколог деп таниды екен | ДОКТОР СЕЙТЖАППАРОВНА БАЛНҰР

Опрос нәтижесінде 95% оқырманым мені гинеколог деп таниды екен.

Бірақ өзіме де обал жоқ Тек ауруларды айта берем, айта берем
Гинекологтың жұмысы сол ғой енд дейтін шығарсыздар, бірақ кез келген доктор тәнді емдеместен бұрын, міндетті түрде жанды емдейді. Алдындағы пациентті түсіну арқылы. Қалай дейсіз бе?

Мысалы, мен гинкологтан бұрын, қарапайым әйелмін
Күйеуімнің қабағынан қайтатын, балаларымның тамағын беріп, киімін үтіктеп жүретін әйелмін. Сіздер сияқты қиын болғанда жылаймын, күйеуім аяқ асты сыйлық жасаса, бала сияқты қуанамын

Осы уақытқа дейін неше әйел қаншама түрлі ауруына шипа іздеп келді. Алланың қалауымен ем беріліп, айығып жатыр. Егер мен олардың барлығын әйелдің көзқарасымен қарамасам жағдайын түсінемін ба? 5-10 тіпті 20 жыл сәби сүйе алмаған отбасыларға осы керемет бақытты сезінуге себепкер болып отырмын. Осының барлығы менің гинеколог болуымнан. Алайда, сағат 21.00ден кейіін үйге мен гинеколог болып бармаймын Әйел боламын.
Алла мені әйел қыр жаратқанын ұмытпаймын. Сол арқылы балаларыма тәрбие беріп, күйеуіме жылулық сыйлап отырмын. Себебі, күйеуіме гинеколог емес, әйел керек

Сондай сияқты сіз кім болып қызмет жасасаңыз да, жұмыстағы #1 сотрудник болсаңыз да, ұмытпаңыз – сіз әйелсіз. Осы болмысыңызбен ғана отбасын сақтай аласыз. Декретте отырсаңыз да, қызмете жүрсеңіз де НӘЗІК ӘЙЕЛ екеніңізді ұмытпаңыз!

Бірақ, иногда осы әйел екеніміз есімізден шығып кете бере ма, қалай өзі?