Get Mystery Box with random crypto!

Эрозия ғана ракқа айналады ма? 1 жылда Қазақстан әйелдерінің | ДОКТОР СЕЙТЖАППАРОВНА БАЛНҰР

Эрозия ғана ракқа айналады ма?

1 жылда Қазақстан әйелдерінің 4000-ға жуығы гинекологиялық ракқа шалдығады. Демек бұл тек эрозиядан ғана рак болады деген сөз емес.

Рак – кез келген аурудың ең соңғы стадиясы. Егер оны ертерек тапсаңыз, емдей аласыз. Ал гинекологқа бармаймын, мендегі ауру өзі кетіп қалады десеңіз, өкінішке орай, кетпейді.

Маған әр түрлі жаста және әр түилі тағдырмен келетін қыз-келіншектер, әйел-апалар бар. Солардың ішінде салғырттықтың кесірінен де рак болып отырғандарды кездестіремін.

Рак 1 ғана дәрі немесе химиямен емделе салмайды. Одан жазылу үшін сізді емдеп жатқан дәрігерге именно сіздің көмегіңіз керек болады. Ондайды естігенсіз бе?
Яғни, дәрі-дәрімектен бөлек, ойыңызбен, настроймен аурудың кетуіне көмектесе аласыз.

Ракты тек эрозия тудырмайды. Сіз естіп жүрген қарапайым аурулар да рак бола салады. Мысалы, яичникте, жатырда, эндометрия сынды естіп-біліп жүрген ауру түрлері де рак тудырады.

Ал сіз қандай гинекологиялық ауруды білесіз?