Get Mystery Box with random crypto!

Германиялық қорғаушы Роберт Бауэр футболдан Қазақстан құрамасы | ДОДА

Германиялық қорғаушы Роберт Бауэр футболдан Қазақстан құрамасында неге ойнамайтыны белгілі болды. Футболшы осыған дейін ҚФФ-мен келіссөз жүргізген еді.

26 жастағы футболшының өкілдері азаматтық ауыстыру үшін миллион доллар сұраған. Ал федерация өкілдері ойыншылар ұлттық командада ақша үшін өнер көрсетпеу керек деп есептеп, ары қарайғы келіссөзді тоқтатты.

Роберт Германияға 1994 жылы көшіп барған қазақстандық эмигранттардың отбасында дүниеге келген. 2015 жылы оны бір рет құрамаға шақырған. Ол кезде футболшы ұсыныстан бас тартқан еді.