Get Mystery Box with random crypto!

Франциялық футболшы Жан-Пьер Адамс 39 жыл командан кейін 73 жа | ДОДА

Франциялық футболшы Жан-Пьер Адамс 39 жыл командан кейін 73 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Мirror басылымы хабарлады.

Адамс комаға 1982 жылы, 34 жасында түскен. Ол Лион қаласында емханада тізесіне операция жасатқан. Бірақ операция алдында анестезиолог қателескен. Футболшы бір сағаттан кейін оянуы керек еді. Бірақ сол күні Францияда дәрігерлердің шеруі болып, көптеген білікті дәрігерлер жұмысқа шықпаған. Анестезиолог сол күні бірден сегіз операцияға қатысып, дозаны шатастырып алған. Одан бөлек, Жан-Пьерге жауапты тәжірибен өтіп жатқан жас студент болған. Ол анестезологтың қателігін түзей алмаған. Студент футболшының жағдайы нашарлап бара жатқанын байқамаған. Содан ол комаға түсіп кеткен.

Жан-Пьер Адамс 1948 жылы Дакар (Сенегал) қаласында дүниеге келіп, 1972 және 1976 жылдар аралығында Франция құрамасы сапында 22 кездесу өткізген. Сонымен қатар ол "Пари Сен-Жермен" сапында 41 кездесуге қатысқан. Негізі Адам карьерасын басым бөлігін "Ницца" командасы сапында өткізген.