Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токиода өтіп жатқан Олимпи | ДОДА

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.

Олимпиаданың 1/4 финалында 52 килода өнер көрсететін отандасымыз испаниялық Габриэль Эскобарға қарсы шығып, жеңіске жетті. Кездесудің бірінші раундында отандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша Сәкен Бибосынов кем дегенде Олимпиаданың қола жүлдесін алды.

Енді жартылай финалда Бибосынов ұлыбританиялық Галал Яфайға қарсы кездесу өткізеді.