Get Mystery Box with random crypto!

– Ашура күні ең бастысы ораза ұстаған дұрыс болады. Бұл күні о | 𝐃𝐈𝐍𝐈𝐁𝐈𝐋𝐈𝐌𝐊𝐙

– Ашура күні ең бастысы ораза ұстаған дұрыс болады. Бұл күні ораза ұстаудың сауабы мол. Муслимнен жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыздан ﷺ Ашура күнгі ораза жайында сұрағанда, Ол ﷺ: «Өткен жылдағы жасаған (кіші) күнәлары кешіріледі», – деп жауап берген. 
Сондай-ақ, Сахаба Абдулла ибн Аббастан (р.а.) осы күні ұсталатын ораза жайында сұрағанда: «Пайғамбарымыз осы күнгі нәпіл оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық санайтын...», – деп жауап берген.
Ашура күні ораза ұстау – сүннет. Пайғамбарымыз ﷺ осы күні ораза ұстайтын. Бұхариде келген бір хадисте сахаба Муғауияның (р.а.) риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыздың былай дегенін естіген ﷺ: «Бұл күн – Ашура күні. Ол күні Ораза ұстауды Алла Тағала сендерге парыз етпеді. Бірақ менің аузым берік. Ораза ұстағысы келген ұстасын, ұстағысы келмеген ұстамасын». Сахабалар да осы күні ораза ұстаған. Олар тек өздері ауыз бекітіп қоймай, жас балаларын да осынау сауапты іске баулитын. Сонымен қатар, осы күні садақа беріп намаз оқығанда сауапты іс болады. Сахаба Әбу Муса Ашғариден (р.а.) келген бір риуаятта: «Бұл күні Алла Тағала бір қауымның күнәсін кешкен күн. Ендеше, сендерде осы күні ораза ұстап, нәпіл намаз оқыңдар», – делінген. Және де Амр ибн Ас (р.а.) бір сөзінде: «Ашура күні ораза ұстаған бір жыл бойы ораза ұстағанмен тең, осы күні садақа берген кісі бір жыл садақа бергенмен тең болады», – дегендігі риуаят етіледі.

– Мүмкіндік болып жатса, Ашура күнімен қосып бір күн алдын және бір күн кейін ораза ұстау – ұнамды (мұстахаб) іс. Мұхаррам айының тоғызы, оны және он бірі күндерін оразамен өткізу сауапты (бұл күндер биыл тамыз айының 7, 8 және 9 күніне сай келеді. Ашура күні 8 - тамыз). Өйткені, Имам Ахмет риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Ашура күні ораза ұстаңдар. Яхудилерге ұқсамау үшін алдында бір күн және кейін тағы бір күн тұтыңдар», – деген. Муслим келтірген сахих хадисте Алла Елшісі ﷺ: «Егер келесі Ашура күніне дейін аман болсам, Ашура күнінен өзге оның алдында бір күн, яғни, Мұхаррамның тоғызыншы күні де ораза ұстаймын», – деген.

#ашура #мұхаррам #ораза #сүннет