Get Mystery Box with random crypto!

Алла тағала бірқатар Құран аяттарында адамды «халифа» етіп жар | Шексіздік 🌀

Алла тағала бірқатар Құран аяттарында адамды «халифа» етіп жаратқандығын білдірген. Яғни Ұлы Жаратушыны танып-біліп, ғалам атты «ұлы көрмедегі» әрбiр теңдессіз көркем туындыға тамсанып, Ұлы шебердің құдіретіне бас иіп, өзіне берілген нығметтерге шүкіршілік ету, жер бетін гүлдендіріп, көркейту - міне, осылар адамның халифа ретiндегi түпкi миссиясы. Яғни адамға жер бетін көркейту үшін Алла өз атынан өкілеттілік берген. Халифалық Алла мен адам арасындағы осынау қасиетті өкілеттілікке айтылады. Ғаламды гүлдендіріп, көркейту үшін адамға ақыл-сана, қабілет-қарым, мол мүмкін шілік берілген. Адам өзіне жүктелген ұлы миссияны орындау үшін әрдайым дамуға, кемелденіп жетілуге ​​міндетті
#Кемеладам Қайрат Жолдыбайұлы