Get Mystery Box with random crypto!

МӘҢГҮРТТIК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ: Ұлтының әдет-ғұрпы, салт-санасы, | Поэзия жүрегімде. Қуат Ахметжанов

МӘҢГҮРТТIК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ:
Ұлтының әдет-ғұрпы, салт-санасы, тілі, діні, имани құндылықтары бұларға жат.
РУЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ:
Бiртұтас ұлт мүддесінен гөрі өз руының мүддесін жоғары қоятындар. Бұлардың түсінігінде, өзінің руы қазақтың басқа руынан қадірлі, қасиетті.
ЕЛДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ:
Бұлар Қазақ елінің болашағын ойлап Алаш арыстары Алихан, Ахмет, Мыржақыптардай қазаққа тән ар, намыс деген қасиетті ұғымды ту етіп ел үшін, ұлт мүддесі үшін қызмет етсек дейтін қазақтар. Шіркін, алдыңғы екі деңгейдегі қазақтар да ұлты үшін ойланып, осындай сапалы қазақтардың санын көбейтсе, қазақ елінің болашағы жарқын болар еді.
ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ :
Әлемдік деңгейде ел үшін қалтқысыз қызмет етіп, ұлы Абай данадай қазақ елінiң атынан әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан қазақтар. Бұл деңгейге әр қазақ талпынғаны дұрыс, бірақ екінің бірі бұл биікті бағындыра алмас.

Iзгi ниетпен: Кентау Назарбек