Get Mystery Box with random crypto!

Украина жерінде қаншама сарбаздары қырылып қалып жатса да, жал | Поэзия жүрегімде. Қуат Ахметжанов

Украина жерінде қаншама сарбаздары қырылып қалып жатса да, жалған ұрандармен алданған аңқау жұрт - тобыр соғысқа өз еріктерімен аттанып жатыр. Ақпараттық идеологиямен халықты бақылауға ұстауға, басқаруға, тіпті өлімге де айдап салуға болатындығын осы видеодан анық көреміз. Террор жасайтындар да саналары сондай улы идеялармен уланғандар. Мемлекетіміз ақпараттық майданда ойсырап жеңіліп жатыр, елімізде ресейлік пропаганда күн сайын күшейіп келеді. Бұл үлкен сигнал. Ертең көршіміз соғыс аша қалса, қарсыласпақ түгіл, құтқарушы көріп қуана қарсы алатындандар да шықпасына кім кепіл? Өйткені орыстілдіні былай қойғанда, қазақтілді ортада да Ресейдің өтірік ұрандарына имандай сенген қазақтардың қатары өсіп келеді. Өте өкінішті