Get Mystery Box with random crypto!

Мектептегі 2 ай практикам зуылдап өтіп кетті.Өзім оқыған мекте | Uzindi

Мектептегі 2 ай практикам зуылдап өтіп кетті.Өзім оқыған мектеп емес.Бірақ есік алдындағы ауылдың мектебіне алдым.Басында бір-екі оқушы мені түсінбей, өз ағайларын сұрап еді, соңында кететініме сенбей қимай қалды. Мен де қайта-қайта қарап қоямын. Бауыр басып қалыппын.
•Басында жұмыс жасағанда еріксіз түрде миымда өзімнің оқушы кезіммен салыстырдым.Көз алдымнан ұстаздарымның сөздері,сабақ өту тәсілі,бәрі-бәрі өтті. Мысалы, "біз сабақ айтатынбыз, мыналар түсінік айта алмайды, өз ойын жеткізе алмайды"-, деген сияқты.Әрине біз өскен орта,уақыт пен қазіргі оқушылардың арасында біраз айырмашылық бар. 5-6 жылдың өзі рөл ойнайды екен.
•Мен үшін ең қиыны олардың психологиясын түсіну болды.Барынша артық сөз айтпауға,ұрыспауға тырыстым.Сүп-сүйкімді болып қарағанда ұрса да алмайсың. Қанша бала, сонша әлем.Қорқатыным өкпелетіп алу болды.
Маған жетекшілікке 7-сынып түсті.Тәрбие сағатын өткізгенде қарым-қатынасымыз жақындай түсті.
•Тағы көзім жеткен дүние қан мен ген.Көп бала өз ата-аналарын қайталайды екен, немесе аумай қалған аға-әпкелері.
Мұғалімдік-өте нәзік жұмыс. Шекара сақтай отырып, достасу.Ұғындыру мен түсіну, сырласу, тәрбиелеу.Әр баланың ішкі әлеміне кіру.Өкініштісі
сабақ өтуге құлшынысы жоқ мұғалімдерді де көрдім. Әзірше ісіме деген махаббатым барда көп дүниені үйреніп,барынша жақсы ұстаз болғым келеді.