Get Mystery Box with random crypto!

 *Мемлекет басшысы синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күр | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

 *Мемлекет басшысы синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды*

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық ескірткінің таралуынан  ұлт денсаулығына төнген қауіпке арнайы тоқталып, нақты тапсырмалар берді
«Ұлт денсаулығына  синтетикалық ескіртіні тұтынудың өсуі  үлкен қауіп төндіріп тұр.  Динамика  бірден теріс жағына өзгерді: соңғы үш жылда айналымнан алынатын «сентетиканың»  көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық ескіртілер жыл өткен сайын арзандап, қолжетімді болып бара жатыр.  Олар әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы кедергісіз сатылып жатыр. Тіпті  үйге дейін жеткізіледі», - деп атап өтті Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осынау өте қауіпті әлеуметтік дерттің ауқымын ескере отырып,  сентетикалық ескіртінің өндірісі және таралуымен  күрес жалпыұлттық сипат алуға тиіс екенін айтты.  Нашақорлықпен және ескірті бизнесімен күрес жөнінде Кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.