Get Mystery Box with random crypto!

  Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акуш | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

 
Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады – Президент Жолдауы

"Мен келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының  мұқтаждықтарына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдадым.
Екі жыл ішінде қазіргі кезде  медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер  салынып,  толықтай жабдықталады.  Осылайша мемлекет  миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді.
Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып,  ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады.  Онда инсульт орталығы,  хиругия, жан сақтау және оңалту бөлімдері пайда болады" - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында.
Бұл төрт миллионнан аса азаматымыз үшін медициналық қызмет сапасын арттырады.  Сонымен қатар,  шалғай аудандардың тұрғындарының білікті  көмек алуына мүмкіндік беретін телемедицина дамиды.

t.me/bort_01