Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда 8 перинаталды орталықтың құрылысы жоспарланды 202 | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 8 перинаталды орталықтың құрылысы жоспарланды

2022 жылғы 14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қажеттілікті анықтап, жүкті әйелдер пен балаларға кешенді, жоғары маманданған медициналық көмек көрсету үшін халықаралық стандарттарға сай, заманауи перзентханалар салуды тапсырған болатын.
 
Аталмыш тапсырманы орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі таяу жылдары 8 перинаталды орталықтың құрылысын жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар перзентханалардың ағымдағы және күрделі жөндеуін, материалдық-техникалық жабдықталуын, кадрлармен қамтамасыз етеді.