Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу бекет | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу бекетін ашады

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады.
2022 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мынадай автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:
- - Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);
- Өзбекстан Республикасымен (Целинный және Сырдария) шекара арқылы.
Бұл ретте, ел тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға уақтылы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуді ұсынады.