Get Mystery Box with random crypto!

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫНДАҒЫ КАЛОРИЯ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМ ДӘЙЕКСІЗ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Аналитиктер жарты миллионға жуық қазақстандық жеткіліксіз тамақтанады» деген тақырыпта жарық көрген жариялымға жауап береді,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған жариялымды дайындау кезінде тәуліктік тамақтану рационы және калориясы бойынша қандай да бір мәліметтерді ұсынбағанын мәлімдеді, мұндай дәйексіз статистикалық деректерді жариялау мүлдем дұрыс емес, себебі тамақтану жөніндегі бейінді маман (диетолог) ғана тамақтану кезіндегі рационның немесе калорияның мөлшеріне қатысты өзінің ұсынымдарын бере алады, бұл ретте маман бірінші кезекте адамның жеке қажеттілігін және медициналық көрсетілімдерді басшылыққа алады.
«Қазіргі заман адамының энергетикалық шығыны шамамен 2100 килокалорийде ауытқиды, соның ішінде әйел адамдарда 2400-2500 килокалорийге дейін, ал мақалада калорийге қатысты көрсетілген деректер қала тұрғынының да, сонымен қатар ауыл тұрғынында қажеттілігін елеулі асырып көрсетіп отыр. Егерде ғылыми көзқарасқа жүгінетін болсақ, халық асыра тамақтанады деп немесе халықтың жан басына шаққанда калориясының асырылған деп айтуға болады. Керісінше ірі қалалардағы адамдардың калориясының төмендеу динамикасы нені білдіреді, яғни адамдардың өзінің ішіп жүрген тамағының рационын және дене салмағын қадағалайды, рациондағы зиянды тамақ өнімдерін, майды, қантты, нан өнімдерінің мөлшерін ерекше көңіл бөледі. Қазақстандықтар өздерінің денсаулығы көп жағдайларда тамақтануына байланысты екенін түсінеді, бұл нені білдіреді, адамдарда өзінің денсаулығына деген саналы түсінігі пайда болды, тамақтану мәдениеті қалыптасты. Бұл халықты сауықтырудың оң үрдісі болып табылады - деп, Қарағанды медицина университетінің және Астана медицина университетінің профессоры, нутрициолог Светлана Плясовская аталған жариялымға өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі осындай жариялымдар жеке адамның және қоғамның денсаулығына зиян келтіру мүмкін екеніне сенімді, өйткені дәлелді медицинаға және тамақтану саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысы жоқ фактілер жарияланады.