Get Mystery Box with random crypto!

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жамбыл облысына жұмыс сапарының екінші күнінің соңында брифинг барысында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. ҚР ДСМ басшысы өз сөзінде медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту шаралары туралы а баяндады. Ол жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуді қарастыратын амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қабылданған Ережелері; онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін "жасыл дәлізді" енгізу; жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы хабардар етті. А.Ғиният сондай - ақ 2025 жылға қарай ҚР-да 500 МСАК нысанының, оның ішінде Жамбыл облысында 65 амбулаториялық-емханалық нысанның құрылысы жоспарланғанын хабарлады. Осылайша, министр қан айналымы жүйесі ауруларымен күрес, кадр тапшылығын еңсеру және ауылдық медицинаны дамытуды жандандыру бөлігінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. "Шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы медициналық кешендер пайдаланылады. Денсаулық сақтау ұйымы желісінің мемлекеттік нормативі ауылда медициналық нысандарды ашу талаптарын жеңілдету жағына қарай қайта қаралатын болады", - деп мәлімдеді министр. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ана мен баланы қорғау бөлігінде шала туған балаларға көмек көрсету сапасын арттыру, балалардағы патологияларды ерте анықтауды қамтамасыз ету сияқты басым шешуді талап ететін бірқатар міндеттер бар. "2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің бүкіл тарихында 450 мыңнан астам бала туу, оның ішінде Жамбыл облысында 29 мыңға жуық бала туу тіркелген. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. 2022 жылы Жамбыл облысында 401 квота бөлінді, 203 – қазір жүкті, 73 - бала туылды", - деп атап өтті А.Ғиният. Министр балалардың денсаулығын сақтау бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады. Ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік бағдарламалар, кәсіби тексерулер, стандарттар жетілдірілді, есту және аутизм патологиясын анықтау бойынша қосымша зерттеулер енгізілді. "Белгілі жетістіктермен қатар, тез арада шешуді талап ететін міндеттер де бар. Медицина қызметкерлері жұмысының нәтижелері тікелей әлеуметтік әсер ететінін атап өткім келеді. Оған нақты адамдардың өмірі ғана емес, жалпы қоғамның тұрақтылығы да тәуелді", - деді Ажар Ғиният. Бұдан әрі ол өңірдің медициналық нысандарын аралаудың қорытындылары және жұмыстағы тәсілдерді өзгертуді талап ететін проблемалық мәселелер туралы хабарлады. Денсаулық сақтау министрі журналистердің арнайы мамандарға қолжетімділігі мен емханаларда дәрігерлердің болуына, пациенттердің ортақ жауапкершілігіне, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға және халық арасындағы ұжымдық иммунитетке, ДДҰ маймыл шешегінің панадемиясы туралы жариялауына байланысты барлық сұрақтарына толық жауап берді, сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және басқа да аудиторияны толғандыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды.