Get Mystery Box with random crypto!

#Елестетші сенің балаң бар, бірақ саған жас жігіт ғашық болып | 𝗬𝗢𝗨𝗫𝗦𝗜𝗡

#Елестетші сенің балаң бар, бірақ саған жас жігіт ғашық болып қалды....

#Елестетші сен 17 жасында алып қашып кеткен- Шин С/а-сың. Сені универде оқып жүргеніңде, сені ұнататын ынжық (чмо) жігіт алып қашқан еді. Ол сені үйіне алып барды да, қамап қойған еді. Келіспесең, ата-анаңды өлтіремін деп қорқытқан еді. Сондықтан, сен қалдың. Ол сені екі күннен кейін, 18 жасқа толған күніңде аямай, зорлап тастады. Ал қазір жасың жиырмада және балаң бар. Сен амалын тауып, ол жігіттен қашып кеткен едің.

#Елестетші сен универде мұғалім болып жұмыс істейтін едің. Бүгін де әдеттегідей балаңды балабақшаға апарып, өзің жұмысыңа келдің. Ешкім сенің балаңның барын білмейтін еді, себебі өзің бұл жайлы айтқың келмейтін. Балаңның бары жайлы тек жан құрбың мен ата-анаң ғана біледі.

#Елестетші универге келдің де, дәптерлерді тексеріп жаттың, себебі студенттер әлі келмеген еді. Универде тек кезекші-студенттер ғана жүр. Бір кезде кабинетке бір студент қыз кіріп келді.
Студент:
- Саламатсыз ба, апай.
С/а:
- Сәлеметсің. Не болды?
Студент:
- Сізді директор-мырза өз кабинетіне шақырып жатыр. Қазір келсін дейді.
С/а:
- Жақсы, қазір барамын,- дедің де дәптерлерді жинастырып, директордың кабинетіне кірдің. Есікті тоқылдаттың.
Директор Ли:
- Кір,- деді. Сен басыңды идің де, кіріп, орындыққа отырдың.
С/а:
- Сіз мені шақырыпсыз..
Директор Ли:
- Иә. Есіңде ме осыдан бір апта бұрын универге түсу үшін экзамен тапсырып жатқан кезде шпорымен ұсталып қалған бала бар еді ғой?
С/а:
- Иә, есімде.
Директор Ли:
- Біз сол баланы универге кіргізетін болдық. Себебі, ол қайта тапсыру кезінде шпорсыз, жақсы балл алды. Ол бала ағылшын факультетін таңдады. Сондықтан ол бала енді сенің студентің. Жақсылап, қабылдап ал. Қазір жарты сағатта келіп қалады.
С/а:
- Жақсы.

#Елестетші лекция басталып кетті. Бірақ бағанағы жаңадан келетін студент әлі де жоқ.
С/а:
- Ал қазір мен сендерге парақ беремін. Тест сұрақтарына жауап бере беріңдер, мен қазір келемін,- деп бір студент қызды шақырып алдың да, оларға парақтарды беріп, өзің сыртқа шығып кеттің. Директордың кабинетіне бара жатыр едің, басыңа доп ұшып келіп тиді. Сен ештеңені түсінбей қалдың да, артыңа жаман көзбен қарадың. Бір бала жүгіріп келді де, допты алды. Ол студент саған таныс емес болып көрінді.
С/а:
- Сен жаңа студентсің бе?
Тэхён:
- Иә. Апай кешірім сұраймын.
С/а:
- Онда неге факультетіңе кірмейсің?
Тэхён:
- Бәрібір! - деп ашық тұрған терезеден сырттағы жігітке допты лақтырды да, өзі кетіп бара жатыр еді, бірақ сен оның сөмкесінен ұстап алдың да, директордың кабинетіне апардың.
С/а:
- Ли мырза, мына студент жаңа студент екен. Өз лекциясына кірмей, ойнап жүр.
Директор Ли:
- Бұл сенің студентің ғой,- деген кезде аузы ашылып кеткен Тэхён саған таңғалып қарап қалды...

Жалғасы бар...
#kooki