Get Mystery Box with random crypto!

Нұрлан Қоянбаевтың 'Қазақша бизнес Түркияда' фильмі көпшілікке | Бл

Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Түркияда" фильмі көпшілікке өткен жылдың 30 желтоқсанында ұсынылды. Картинаны 2 жыл күткен жұрт алғашқы күндері кинотеатрларға жарыса ағылды. Продюсердің айтуынша, сол кезеңде таңғы сеанстардан бастап түнге дейін билеттер болмаған. Алайда 4 қаңтар күні елімізде митингілер басталып, ақырында фильм көрсетілімі біраз уақытқа тоқтап қалды. Қазір кей кинотеатрлар фильмді қайта көрсетуде. Осы орайда Қоянбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі уайымы мен саясатқа көзқарасы жайлы Динара Сәтжанға сұхбат берді.