Get Mystery Box with random crypto!

Еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ' | Бл

Еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" атты заң жобасын әзірлеп шықты.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылы қазақстандықтар банктер мен микроқаржы ұйымдарынан 4,3 триллион теңге кредит алса, 2021 жылы несие көлемі 9,8 триллион теңгеге жеткен.

Қазіргі кезде банктен несие алып, 90 күн бойы қайтарылмай (просрочка) жатқан ақшаның көлемі 422,0 миллиард теңге болған.

"Енді не істемек керек?" дегенге Үкімет адамдар қарыздарынан құтылып, жағдайын түзеп алу үшін банкроттық тетігін ұсынып жатыр. Заң жобасын жасаушылар бұл "бәрін 0 қылып, өмірді жаңадан бастауға" мүмкіндік беретін механизм дейді. Яғни өзін заң бойынша "банкротпын" деп атаған адамның өмірі онымен тоқтап қалмайды. Қайта несиелері жабылып, барлығын жаңадан бастауға жағдай жасалады.