Get Mystery Box with random crypto!

Мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген құмарлыққа шақы | Бл

Мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген құмарлыққа шақыратын букмекерлер мен онлайн казиноларды жабуды ұсынды. Ол аталған іске қатысты петиция құрып, қол жинауды бастап кетті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған видео-үндеуінде Қайрат Құдайберген бұл мәселені қолға алып, шешіп беруді өтінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan .kz сайтына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, сіз-біздеп шырылдап жүрген мәселе бей-жай қалып отыр. Бұл онлайн казино, букмекерлер бинго, алаяқтардың өтірік ойнау платформалары, ойын құмарлыққа шақыратын, техникалық тұрғыда заңсыз, лицензиясы жоқ осындай ойындарды көріп отырмыз", - дейді депутат.