Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимі алынды. Бұ | Бл

Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимі алынды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, 19 қаңтарда түн ортасынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бұған дейін президент өзге өңірлердегі төтенше жағдайды мерзімінен бұрын алып тастаған болатын.

"Осылайша, бүкіл ел қалыпты өмірге оралуда, төтенше жағдай кезеңінде енгізілген коменданттық сағат пен басқа да уақытша шектеулер жойылды.