Get Mystery Box with random crypto!

Бірнеше жылдан бері шығып келе жатқан 'Qos Like' және 'Бір бол | Бл

Бірнеше жылдан бері шығып келе жатқан "Qos Like" және "Бір болайық" бағдарламалары түсірілетін телестудияға зақым келген. Екі бағдарлама да бір жерде түсіріледі. "Бір болайықтың" редакторы әрі жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов студияға шабуыл жасалмас бұрын, яғни 5 қаңтарда елде осындай жағдай болып жатқанда эфирге шыға алмайтындарын айтқан еді.

Одан кейін студияға шабуыл жасалып, бірнеше күннен бері эфирден көрсетілмеді. Кеше "Qos Like" бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова өртеніп кеткен студияның алдынан фото жүктеді. Тонаушылар ондағы киім-кешек, жарамды заттардың біразын ұрлап кеткен.

Жалпы, осы бағдарламаға қатысты қоғамда екі түрлі пікір бар. Бір кездері тіпті Президенттің атына да хат жазып, жабу қажеттігін айтқан қоғам белсенділері болған.