Get Mystery Box with random crypto!

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1 | DARYN RSPC

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-12 шілде аралығында халықаралық пәндік олимпиадаларға (#IMO, #IPhO) дайындық жұмыстарының аясында математика және физика пәндері бойынша оқу-жаттығу жиындарын онлайн режимінде өткіздi.

#Математика_пәні бойынша оқу-жаттығу жиындарына олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарында жоғары нәтиже көрсеткен және республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты. Білім алушыларға математиканың барлық бөлімдері бойынша сабақтарды бұрынғы жылдардағы олимпиадашы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері #Сатылханов_Қанат Қайратұлы, өткіздi.

#Физика_пәні бойынша оқу-жаттығу жиындарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Павлодар қалаларынан 5 оқушы қатысты. Сабаққа қатысушылармен ҚР ҰҒА корр-мүшесі, ф-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры #Давлетов_Асқар Ербуланович және олимпиадашы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты #Сидоренко Андрей Владимирович өткіздi.

Қазақстан құрама командалары толық құрамда халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысады.

Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) 2021 жылғы 14-24 шілде аралығында, ал физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) 2021 жылғы 17-25 шілде аралығында онлайн режимде өткізіледі.
Дарынды оқушыларымызға үлкен табыс тілейміз!

=============

Республиканский научно-практический центр «Дарын» в период с 1 по 12 июля 2021 года в онлайн режиме провел учебно-тренировочные сборы по математике и физике в рамках подготовки к Международным предметным олимпиадам (IMO, IPhO).

На учебно-тренировочных сборах по математике приняли участие 6 школьников из гг. Нур-Султан, Алматы, Атырау, Караганда, успешно показавшие себя на учебно-тренировочных сборах олимпийского резерва и являющимися победителями и призерами республиканских, международных олимпиад. Занятия с обучающимися по всем разделам математики провел олимпиец, Сатылханов Қанат Қайратұлы, призер республиканских и международных олимпиад.

На учебно-тренировочных сборах (#УТС) по физике приняли участие 5 школьников из гг. Нур-Султан, Алматы, Атырау, Павлодар. С участниками занятия провели #Давлетов_Аскар Ербуланович, член-корр.НАН РК, д.ф-м.н., профессор КазНУ им. аль-Фараби и #Сидоренко_Андрей Владимирович, олимпиец, призер республиканских и международных олимпиад, ныне докторант КазНУ им. аль-Фараби.

Cборные команды в полном составе примут участие в Международных предметных олимпиадах.

Международная олимпиада по математике (#IMO_2021) будет проведена в онлайн режиме с 14 по 24 июля 2021 года, также Международная олимпиада по физике (#IPhO_2021) будет проведена в онлайн режиме с 17 по 25 июля 2021 года.

Желаем больших успехов нашим ребятам!