Get Mystery Box with random crypto!

Еліміздегі барлық өңірлерде мамандандырылған мектептерге конку | DARYN RSPC

Еліміздегі барлық өңірлерде мамандандырылған мектептерге конкурстық іріктеу болып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Биыл бұл конкурсты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.

6 -7 шілде күні Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласында оқушылар білім бәйгесіне түсіп, емтиханда бақтарын сынады.

Ақмола облысы бойынша 220 оқушы, Ақтөбе облысы бойынша 364, Қарағанды облысы бойынша 1000 - нан астам, ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 500 - ден астам оқушы емтиханға қатысты.

Конкурстық іріктеуде адалдықты қамтамасыз ету үшін «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының өкілдері, «БІЛІМ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЛИГАСЫ» өкілдері, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің конкурстық комиссиясының өкілдері және ата-аналар емтихандарға шақырылды.

Конкурстың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында орналастырылады.
https://www.instagram.com/p/CP0DixGpq9i/?utm_medium=share_sheet