Get Mystery Box with random crypto!

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша рейтингтер жари | DARYN RSPC

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша рейтингтер жарияланды.

«Дарын» РҒПО Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша сапалық және сандық рейтингтер негізінде командалардың күшті және әлсіз жақтарын талдау мақсатында аналитикалық есебін ұсынды.
Командалық рейтинг ағымдағы жылы олимпиадалық команданың барлық қатысушыларының орташа балл саны негізінде жасалды, осылайша әрбір өңір өз қатысушыларының олимпиадаға дайындығының қаншалықты тиімді өтіп жатқанын көз жеткізе алады. Сонымен қатар, тапсырмалардың күрделілігі мен олимпиадаға қатысушылардың деңгейін тексеру мақсатында олимпиадалық тапсырмаларды шешу көрсеткіштері талданды.

Толық аналитикалық есеп www.respa2021.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша сапалық рейтингте ең үздік команда "НЗМ" ДББҰ (90,61%), екінші орында РБҰ (79,85%) және үшінші орында Алматы қаласы (77,89%).

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сапалық рейтингте бірінші орынды Атырау облысы (93,22%), екінші орынды БҚО (91,39%), үшінші орынды Алматы қаласы (90,93) иеленді.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша жеңіп алынған медальдар рейтингісі (сандық талдау) келесідей:
І орын – «НЗМ" ДББҰ (86 медаль);
ІІ орын - Алматы қаласы және Нұр-сұлтан қаласы (68 медаль);
ІІІ орын - РБҰ (52 медаль).

Бұл рейтингтер олимпиадалық командалардың дарынды балаларды анықтау, дайындау және қолдау жүйесін жетілдіру мақсатында жасалған.